"Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 4803 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 29.08.2016 № 157 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
      2. Қоса беріліп отырған "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ерғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Аққағазов

  Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

"Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ І. Жалпы ережелер

      1. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Байғанин ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы саласында басшылықта жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғылары мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      4. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамалар шеңберінде өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы бұйырықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 030300 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қонаев көшесі, 36 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы- "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Құрылтайшысы және мемлекеттік басқарушы орган болып "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      11. Осы Ереже "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджетінен(сметасынан) жүзеге асырылады.
      13. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері

      14."Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде ауданның агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке қабілетінің жаңа сапалы деңгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету, ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, кәсіпкерлікті дамытыту.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік қызметшілерді және техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару;
      2) ұйымдастыру-бақылау және құқықтық қамтамасыз ету;
      3) біліктілікті арттыру жұмысын ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыста жүрген заңдарын насихаттау және түсіндіру, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
      5) іс жүргізу және құжаттамалықты қамтамасыз ету;
      6) хаттарды, шағымдарды, арыздарды қарау және азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың себептерін анықтау.
      7) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
      8) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
      9) ауданда кәсіпкерлікті қолдау өнірлік бағдарламасын әзірлеп, бағдарламаның іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымы объектілерімен өзара қарым-қатынас дамыту стратегиясын айқындайды;
      11) сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастырады.
      16.Функциялары:
      1) бөлім міндеттемесі мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, бөлімнің жұмысшы-қызметкерлерінің штаттық кестесін жасау;
      2) бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану және оны игеруді қамтамасыз ету;
      3) бөлімге қарасты материалдық құндылықтарды есепке алу және есептен шығару жөніндегі шараларды жүргізу;
      4) статистикалық есептерді жасақтау;
      5) бөлім үшін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, жүргізу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
      6) сатып алатын тауарлардың, және қызмет көрсету жұмыстардың құжаттарын әзірлеу;
      7) халықты нанмен және басқа да негізгі тағам өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
      8) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру, мониторинг және талдау жүргізу;
      9) агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру;
      10) ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа стандарттарын және оларды өңдеу нәтижелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
      11) ауданның аграрлық секторына ақпараттық–маркетинг басқару жүйесін енгізуіне ұсыныстар беру;
      12) ауыл шаруашылық саласына жаңа техника жетістіктерін енгізуге көмектесу, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту бойынша бизнес-жоспарларды құрастыруға бірлескен іс-қимыл көрсету;
      13) ауыл шаруашылығы құрылымдарының дәнді дақылдарды өсіру технологиясын сақтау жұмыстарын жүргізуге түсініктемелер беру;
      14) ауданға жіберілген азық-түлік астығын және одан өндірілген өнімдер бойынша мониторинг жүргізу;
      15) ауыл шаруашылығы құрылымдарының дәнді дақылдарды өсіру технологиясын сақтау мониторингісін жүргізу;
      16) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне түрлі өсімдік және мал ауруларына қарсы күресуде фитосанитарлық шараларын тиімді жүргізуге түсініктемелерді беру;
      17) өсімдікті қорғау және карантиндік шектеу саласындағы озық тәжірибені тарату;
      18) селекциялық асылдандыру жұмыстар, тұқым өсіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу саласында жаңа технологияларды енгізу ұйымдастыруға қатысу;
      19) бәсекеге қарсы тұратын өнімдерді шығару технологиясын өндіріске енгізуге көмектесу;
      20) сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға, ішкі және сыртқы рынокта ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін кеңейтуге ықпал ету;
      21) ауданның қалалық және ауылдық округтер әкімдерімен келісіп елді мекендердің жерінде мал бағудың орнын анықтау;
      22) мал шаруашылығы саласын дамытудың азық-түлік бағдарламасын әзірлеу, жүзеге асыру, оларға мониторинг және талдау жүргізу;
      23) орта және ірі өндірісті әрмен қарай дамыту бойынша бизнес-жоспарларды дайындауға көмектесу;
      24) малды қолдан ұрықтандыру және мал өсірудің озық технологиясын өндіру есебінен жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын көбейтуге және сақтауға ықпал ету;
      25) жүн қырқуға, мал азығын дайындауға, мал союға механикаландырылған қызмет көрестуге арналған үлгілі мамандандырылған орталықтарды құруға ықпал ету;
      26) малды асылдандыру, өсіру бағытындағы мамандандырылған құрылымдарды құру, мал өнімдерін өндіру және өткізу бойынша ассоциациялар, одақтар құруға жұмыс жүргізу;
      27) ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды мал сатып алуға ықпал ету;
      28) ірі және орта өндірістің, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың жұмысы туралы ақпараттарды жинастыру, талдау, шаруашылықтардың бережақтарын азайтуға бағытталған жолдарды қарастыру және келісімдік міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ету;
      29) агроқұрылымдардағы орта және ірі өндірістерді мамандармен қамтамасыз етуге көмектесу;
      30) ауданның аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және ауыл шаруашылығы өнімдерін шеттен әкелу мәселесі жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      31) ауыл шаруашылығы құрылымдарын сауықтыру, қайта қалпына келтіру жоспарларын құруға көмектесу;
      32) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру және қаржыландыру бойынша қаржы институттармен және екінші деңгейдегі банктермен жұмыстар жүргізу;
      33) ауданда машина-тракторлық стансалар, сервистік-дайындау орталықтарын құру және олардан есеп алу жұмыстарын жүргізу;
      34) ауыл шаруашылығы техникасына жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізуге кесте құру;
      35) аудан шаруашылықтарындағы техника санына, қажеттілік деңгейіне және сатып алу мүмкіндігіне мониторинг жүргізу;
      36) ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру саласындағы озық тәжірибелерді енгізуге ықпал ету;
      37) ауыл шаруашылығы ұйымдары мен шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандарын қайта даярлауды оқытуды ұйымдастыру;
      38) гендерлік және отбасылық-демогарфиялық саясатты қалыптастыру және іске асыруды ұйымдастыру.
      39) ауылшаруашылық техникаларына мемлекеттік тіркеу және байқау жүргізу, тиісті құжаттар беру, тиісті тіркеу құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу жүргізу, ауыл шаруашылық техникаларды жылдық байқаудан өткізу, емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәлігін беру;
      40) заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының орындалуын қадағалау. Бекітілген аумақтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестермен ауруларының алдын-алу және жою, болжам жасау жұмыстарын атқару. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының және арам шөптерге қарсы бір уақытта атқарылатын іс-шараларының атқарылуын ұйымдастыру. Карантиндік нысандарды анықтау, шектеу және жою жұмыстарын ұйымдастыру;
      41) ауданның аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
      42) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында аймақтық бағдарламаларды үйлестіру, әзірлеу және орындауды жүзеге асырады;
      43) мүдделі жергілікті мемлекеттік органдармен бірге шағын және орта бизнес субъектілерін әртүрлі мемлекеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды орындауға тарту тәртібін анықтауға қатынасады;
      44) ауданның кәсіпкерлікті дамыту қызметтеріне талдау, болжау және мониторинг жүргізеді;
      45) ауданның кәсіпкерлікті дамыту, индустриялды-инновациялық даму, сауда қызметтерін жалпы стратегия бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметтерімен үйлестіруді жүзеге асырады;
      46) ауданның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы, индустриялды-инновациялық даму, сауда қызметтері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жобасына ұсыныстар дайындауға қатынасады;
      47) кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді;
      48) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басымды жобаларын іріктеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
      49) басымды бағыттағы жобаларды несиелендіру және қаржыландыру мәселесі бойынша банктермен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      50) кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамалардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      51) ақпаратпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      52) кәсіпкерлік, сауда мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер, форумдар ұйымдастыруға және өткізуге қатынасады;
      53) форумдарды, инвестициялық жобарлардың тұсау кесерлерін көрмелерді ұйымдастырады және қатынасады;
      17.Құқықтары:
      1) құқықтық мәселелерді қараған кезде сотта және басқа да органдарда бөлім мүддесін белгіленген тәртіппен қорғау;
      2) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
      3) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге;

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
      19. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын Байғанин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді;
      2) сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, алдын алу бағытында заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес шара алады.
      3) бөлім қызметкерлерін заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) қызметкерлерді іріктейді, орналастырады және тағайындайды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынаста бөлім атынан сөйлейді;
      6) бұйрықтар шығарады;
      7) бөлім басшысының бұйрығымен тікелей лауазымдық жауапкершілік жүктелген қызметшілер атқарған қызметтердің нақтылығына және онда жіберілген кемшіліктерге тікелей жауапты;
      8) белгіленген еңбек ақы қорының және қызметкерлер санының шегінде шығыстар сметасын, штаттық кестесін бекітеді;
      9) заңдарда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету;
      10) тәртіптік жазалар қолдау мәселелерін шешеді;
      "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бөлім басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      23.1. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны балансында көрсетілетін өзгеде мүліктен тұрады.
      24. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24.1. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікке заңнамаға сәйкес иелік етеді.
      24.2. "Байғанин аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады