Кейбір бірлескен Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулылары мен Ырғыз аудандық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 183 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 42 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қазанда № 5105 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кейбір бірлескен Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулылары мен Ырғыз аудандық мәслихатының шешімдеріне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 "Тәуіп селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-86 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы "Ырғыз" аудандық газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі бірлескен қаулысы мен шешімінің кіріспесінде "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі атауында және мәтінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      2) 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 "Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-87 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы "Ырғыз" аудандық газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі бірлескен қаулысы мен шешімінің кіріспесінде "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі атауында және мәтінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      3) 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 256/62 "Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-88 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы "Ырғыз" аудандық газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі бірлескен қаулысы мен шешімінің кіріспесінде "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі атауында және мәтінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы И. Сәрсенбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Қосаяқов
      Аудан әкімі М. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады