"Ырғыз селолық округі, Ырғыз селосының көшесіне атау беру туралы" 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 121 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 5101 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз селолық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 8 "Ырғыз селолық округі, Ырғыз селосының көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-154 тіркелген, 2012 жылғы 28 ақпанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. САРИН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады