Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 288 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қарғалы.аудандық.мәслихаты.ШЕШІМ.ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 172 "Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3762 тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарында аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын "Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Б. Жаржанов |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Н. Заглядова |