1. Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 мемлекеттік тіліндегі "Қобда ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-59 болып тіркелген, 2009 жылдың 19 наурызында аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауылдық округінің әкімі | Б. Утепов |