Қобда ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпанда № 3-7-59 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округінің әкімінің 13.10.2016 № 214 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қобда ауылындағы жаңадан салынған көшелер тұрғындарының пікірін ескере отырып сызба-картаға сәйкес төмендегі мазмұнда көше атаулары берілсін:
      1.1. Әулие Дерімсал
      1.2. Қобда – 80 жыл
      1.3. Әжібай би
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өтініш қолданысқа енеді.
      Қобда ауылдық округінің әкімі: А.Жолдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады