Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда № 4736 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 300 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына сәйкес Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 300 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Барбосыновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Қалауов
      Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Смағұлов
12 қаңтар 2016 жылы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 06.03.2024 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

3

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4

ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер


Мәдениет саласы бойынша

1

Аудандық маңызы бар ММ мен МҚК басшысы (директоры)

2

Аудандық маңызы бар ММ мен МҚК басшысының (директорының) орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы)

4

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

5

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

6

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

7

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады