Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 5153 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 23.01.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 11-3/633 ұсынысы негізінде Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдарының арасында сарып ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің Сарыжар ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыжар ауылдық округі әкiмi Р.Ильясова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады