"Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурыздағы № 4759 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 30.06.2016 № 236 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ж.Сағыровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Шаңғұтов

  Аудан әкімдігінің
  2016 жылғы 21 қаңтардағы
  № 18 қаулысымен бекітілген

"Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

      1. Жалпы ережелер
      1. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      "Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарғаөз атынан түседі.
      6. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030700, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, "Жастық" мөлтек ауданы 2 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Құрылтайшы және мемлекеттік басқарушы орган болып "Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      12. Осы Ереже "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті       бюджеттен       жүзеге асырылады.
      14. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
      15. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария, адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      16. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді және техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару;
      2) ұйымдастыру-бақылау және құқықтық қамтамасыз ету;
      3) іс жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету;
      4) хаттарды, шағымдарды, арыздарды қарау және азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың себептерін анықтау.
      17. Функциялары:
      1) бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану және оны игеруді қамтамасыз ету;
      2) бөлім үшін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспарлау, жүргізу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
      3) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      5) жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      6) жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізумен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      7) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      9) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      10) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      11) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      12) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      13) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоюсыз залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      14) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      15) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      16) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында жүзеге асыру.
      17) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      18) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін       ұйымдастыру;
      20) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      21) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      22) аудан аумағында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін мемлекеттік сатып қызметіне қатысу;
      23) аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларға мониторинг жүргізу;
      24) бекітілген ветеринариялық іс-шараларға сәйкес бюджеттік бағдарлама бойынша түскен ветеринарлық препараттарды қалалық және ауылдық округтерге бөлу;
      25) жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жою (сауықтыру) бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын жасау және дайындау үшін қалалық және ауылдық округтардан жоспарларын жинақтауды жүзеге асыру;
      26) келесі жылға жасалынатын ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын ескере отырып, ветеринариялық прерараттарға сұраныстар жасау;
      27) малдардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын ұйымдастыру жөнінде қалалық, ауылдық ветеринарлық мал дәрігерлердің жұмыстарын, сондай-ақ мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттардың қауіпсіз етіп шығаруын бақылау;
      28) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау жануарлардан алынатын өнімдер мен шикі затты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      29) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, оларды облыстық ветеринария басқармасына тапсыру;
      30) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы және ветеринариялық куәліктерді беру;
      31) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс шығару;
      32) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау;
      33) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
      34) қажет кезде ветеринариялық залалсыздандыру жұмыстарды жүргізуін ұйымдастыру;
      35) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      36) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлерді беру;
      37) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) құқықтық мәселелерді қараған кезде сотта және басқа да органдарда бөлім мүддесін белгіленген тәртіппен қорғауға;
      2) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
      3) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      4) малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралары жөнінде жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      5) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      6) ауданының аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізуге.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      19. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын заңнамамен белгіленген тәртіппен Мұғалжар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысыныңөкілеттігі:
      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық ету және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап беру;
      2) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, алдын алу бағытында заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес шара қолданады;
      3) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) бөлімнің мамандарын іріктеу, орналастыру және тағайындауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда алдындағы қарым-қатынаста бөлімнің атынан әрекет етеді;
      7) бұйрықтар шығарады;
      8) бөлім басшысының бұйрығымен тікелей лауазымдық жауапкершілік жүктелген қызметшілер атқарған қызметтердің нақтылығына, оның ішінде қызметшілер тарапынан жіберілген кемшіліктерге тікелей жауапты;
      9) белгіленген еңбек ақы қорының және қызметкерлер санының шегінде шығыстар сметасын, штаттық кестесін бекітеді;
      10) заңнамамен белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
      11) тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешу;
      12) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың қалыптасуына ықпал етеді және іске асырады.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      22. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Мұғалжар ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      25. "Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады