Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі Еңбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 21 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 5109 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 27.06.2017 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 қыркүйегіндегі №11-26/145 ұсынысының негізінде, Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Еңбек ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылдық
      округі әкімінің м.а Р. Амангелдиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады