"Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 61 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 5220 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 27 мамырда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      2 тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Темір аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";

      1) тармақша 1–1) тармақша болып есептелсін;

      8) тармақша алып тасталсын;

      17 тармағынын 6) тармақшасы мен 18 тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Темір аудандық мәслихатының Темір аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      Г.ҚАЛИЕВА Б.ІЗБАСОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________Қ.Отаров
      "_____" _______________ 20_____жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады