Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің 03.07.2018 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2016 жылғы 6 мамырдағы № 14-01/97 ұсынысы негізінде, Темір қаласы әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Темір қаласы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір қаласы әкімінің міндетін атқарушысы |
Р. Абдрахманова |