Шектеу іс-шараларын алу және Темір қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 маусымдағы № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 44 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 шілдеде № 3-10-207 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 2-14-4/155 ұсынысы негізінде, Темір қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір қаласы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Темір қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 маусымдағы № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5001 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір қаласы әкімі А. Қоқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады