Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 05.02.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 14-01/99 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайыңды ауылдық округінің Құмқұдық ауылында ірі-қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі: | Ә.Н.Мұстафин |