"Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 88 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 маусымда № 4947 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 20 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4636 болып тіркелген, "Шежірелі өлке" аудандық газетінде 2015 жылы 30 желтоқсанда жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Данағұлов

  Шалқар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 17 мамырдағы № 88
қаулысына қосымша
  Шалқар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қарашадағы
№ 259 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы /аудан, қала/

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Балабақша

Мектеп
жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

1

Шалқар ауданы

1780

-

-

-

-

      кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

қалалық жердегі орналасқан

28237

-

-

-

-

ауылдық жердегі орналасқан

33035

-

-

-

-

      кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата – аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері /теңге/

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

қалалық жердегі орналасқан

8800

-

-

-

-

ауылдық жердегі орналасқан

8800

-

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады