Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 20 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 8052 болып тіркелді

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 20 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі

      1) 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4636 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған);

      2) 2016 жылғы 17 мамырдағы № 88 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4947 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымда "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған);

      3) 2017 жылғы 17 мамырдағы № 103 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5516 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4) 2017 жылғы 22 қарашадағы № 236 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5722 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5) 2018 жылғы 26 наурыздағы № 79 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6) 2019 жылғы 18 наурыздағы № 69 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6022 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7) 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 218 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6389 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      8) 2020 жылғы 27 ақпандағы № 45 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6838 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      9) 2020 жылғы 15 мамырдағы № 113 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7094 болып тіркелген, 2020 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады