Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 194 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4237 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы О.Уксакбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Тулемисов

  2015 жылғы 2 наурыздағы № 194 Шалқар аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

№ р/с

Қала, ауыл атаулары

Өткізу орындары

1

Шалқар қаласы
"Факел" стадионы

2

Қотыртас ауылы
Ауыл саябағы жанынан солтүстік жақ беті

3

Бегімбет ауылы
Бегімбет ауылындағы орталық алаң

4

Бозой ауылы
Жетес би және Аманғали ахун көшелерінің қиылысы

5

Біршоғыр стансасы
А.Тихонов көшесіндегі саябақ

6

Аққайтым ауылы
Интернационалистер көшесі № 19 үйдің солтүстік шығыс жақ беті

7

Байқадам ауылы
Қазақай көшесі № 5 үйдің жаны

8

Қауылжыр ауылы
Желтоқсан және Жағалау көшелерінің қиылысы

9

Шілікті ауылы
Сарыөзек және Меңдікөл көшелерінің қиылысы

10

Мөңке би ауылы
Тәуелсіздік көшесі № 12 үйдің оңтүстік шығыс жақ беті

11

Тоғыз стансасы
Тәуелсіздік көшесі бойындағы спорт алаңы

12

Жылтыр ауылы
Жылтыр ауылындағы спорт алаңы

13

Қаратоғай ауылы
М.Айтасов көшесінің батыс жақ басы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады