Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 27.12.2023 № 459 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткен соң, ресми және баспа беттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі интернет-ресурста айқындаған және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіргелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "09" наурыз № 122 қаулысымен бекітілген |
"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі тұрғындарды медициналық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқару қызметіне және облыстың денсаулық сақтау жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
2.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, облыс әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11..Осы Ереже "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен денсаулық сақтау басқармасы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.."Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халық денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
15. Міндеттері:
1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2) денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындауын қамтамасыз ету;
3) тегін ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен, дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі медициналық фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілді көлемді көрсету аясында дәрі-дәрмек құралдарын, алдын алу препараттарын (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) сатып алуды:
амбулаториялық деңгейде – уәкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде – дәрі-дәрмек формулярларының шегінде жүзеге асырады;
5) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, санитарлық техниканы сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеуге қызметтерді ұйымдастырады;
6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
7) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жарақтандырылуын қамтамасыз етеді;
8) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық тораптарды құруды және олардың қызмет етулерін қамтамасыз етеді;
10) тегін медициналық көмек көрсетуді, төтенше жағдайлар кезінде дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
11) медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;
12) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау мен оны қалыптастыруды ұйымдастырады;
13) халықты қоршаған ортаға қауіпті әлеуметтік маңызы бар аурулар мен сырқаттардың таралуы туралы хабардар етеді;
14) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара қатынас жасасады;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аясында денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асырады;
16) ведомстволық бағынышты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігіне аттестациялауды өткізеді;
17) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласында өзге де уәкілеттіліктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкімдігінің және облыс әкімінің қарауына азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, Алматы облысы тұрғындарына дәрілік көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға;
3) олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
4) барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге;
5) өзінің құзіреті шеңберінде шарттар, келісімдер жасауға;
6) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарының құрылымы бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
7) ведомстволық бағынысты медицина ұйымдарында байқау кеңестерін құру бойынша ұсыныс енгізуге, байқау кеңесі мүшелеріне конкурстық іріктеу жүргізуге, байқау кеңесі құрамын қалыптастырып, бекітуге, олардың қызметін бағалауды жүзеге асыруға құқылы;
8) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік-құқытық актілерді қолдану;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін және құқытарын сақтау;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігінің, ел Басының, сонымен қатар Алматы облысы маслихатының, әкімдігінің тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3. "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларың жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19.."Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қызметке облыс әкімі орынбасарының ұсынуымен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20.."Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орыбасарлары болады.
21.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1).өз орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелердің басшыларының міндеттерін айқындайды;
2) облыстың барлық денсаулық сақтау кәсіпорындары мен мекемелері үшін міндетті болып табылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері негізінде және орындау үшін бұйрықтар, өкімдер шығарады;
3).Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімінің басқарушы орынбасарының келісімімен мекемеге қарасты медициналық ұйымдардың және медициналық колледждердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мекемеге қарасты ұйымдардың басшыларының орынбасарларын, бас есепшілерді қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5)..Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен басқарманың қызметкерлерін және мекеменің қарамағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын (басшылардың орынбасарларын және бас есепшілерді) тәртіптік жазаға тартады;
6).Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен мамандардың лауазымдық нұсқаулары (қызметтік міндеттері) туралы ережені бекітеді;
7) Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасын меншік түрлеріне қарамастан, мемлекеттік органдарда, мекемелерде және ұйымдарда, басқа кәсіпорындарда және ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;
8).Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22..Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25.."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,."Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ КМК):
1) ШЖҚ "Ақсу аудандық орталық ауруханасы" КМК;
2).ШЖҚ "Алакөл аудандық орталық ауруханасы" КМК;
3) ШЖҚ "Балқаш аудандық орталық ауруханасы" КМК;
4).ШЖҚ "Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы" КМК;
5) ШЖҚ "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" КМК;
6) ШЖҚ "Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" КМК;
7) ШЖҚ "Іле аудандық орталық ауруханасы" КМК;
8).ШЖҚ "Алматы аймақтық балалар ауруханасы" КМК;
9) ШЖҚ "Қарасай аудандық орталық ауруханасы" КМК;
10) ШЖҚ."Қаратал аудандық орталық ауруханасы" КМК;
11) ШЖҚ "Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы" КМК;
12) ШЖҚ "Көксу аудандық орталық ауруханасы" КМК;
13) ШЖҚ "Панфилов аудандық орталық ауруханасы" КМК;
14) ШЖҚ "Панфилов ауданының Жаркент қ. перзентхана үйі" КМК;
15) ШЖҚ "Райымбек аудандық орталық ауруханасы" КМК;
16) ШЖҚ "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" КМК;
17) ШЖҚ."Талғар ауданының аудандық орталық ауруханасы" КМК;
18).ШЖҚ "Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы" КМК;
19) ШЖҚ "Қапшағай қалалық ауруханасы" КМК;
20) ШЖҚ "Текелі қ. қалалық ауруханасы" КМК;
21) ШЖҚ "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" КМК;
22) ШЖҚ "Облыстық балалар ауруханасы" КМК;
23) ШЖҚ "Талдықорған қ. облыстық перинаталдық орталық" КМК;
24).ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК;
25) ШЖҚ "Облыстық онкологиялық диспансері" КМК;
26) ШЖҚ "Талдықорған қ. облыстық наркологиялық диспансері" КМК;
27) ШЖҚ."Талдықорған тері-венерологиялық диспансері" КМК;
28) ШЖҚ "Талдықорған қ. облыстық қан орталығы" КМК;
29) ШЖҚ "Талдықорған қалалық емханасы" КМК;
30).ШЖҚ "Талдықорған қалалық ауруханасы" КМК;
31) ШЖҚ "Облыстық стоматологиялық емханасы" МКК;
32) ШЖҚ."Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері" МКК;
33) ШЖҚ "Талдықорған қ. медициналық колледжі" МКК;
34) ШЖҚ "Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" МКК;
35).ШЖҚ "Алматы аймақтық онкологиялық диспансері" МКК;
36).ШЖҚ "Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері" МКК;
37) ШЖҚ."Талғар қ. медициналық колледжі" МКК;
38) ШЖҚ."Еңбекшіқазақ ауданының Есік қ. перзентхана үйі" МКК;
39) ШЖҚ "Қабанбай ауылының аудаңдық ауруханасы";
40).ШЖҚ "Қарғалы ауылының аудаңдық ауруханасы" МКК;
41) ШЖҚ "Нарынқол ауылының аудаңдық ауруханасы" МКК;
42).ШЖҚ "Шелек ауылының аудаңдық ауруханасы" МКК;
43).ШЖҚ "Боралдай ауылының аудаңдық ауруханасы" МКК;
44) ШЖҚ "Облыстық "Карақыстақ" балаларды оңалту орталығы"МКК.
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – МКҚК):ш
1)."Талдықорған қ. қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы" МКҚК.
Мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – ММ):
1) "Қабанбай а. туберкулез ауруханасы" ММ;
2) "Ауданаралық туберкулезге қарсы аурухана" ММ;
3) "Шелек а. облыстық мамандандырылған сәбилер үйі" ММ;
4)."Шелек а. туберкулез ауруханасы" ММ;
5)."Жамбыл туберкулез ауруханасы" ММ;
6)."Іле туберкулез ауруханасы" ММ;
7)."Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" ММ;
8)."Жаркент туберкулез ауруханасы" ММ;
9) "Талдықорған қ. облыстық туберкулез диспансері" ММ;
10)."Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері" ММ;
11)."Талдықорған қ. аймақтық жұқпалы аурулар ауруханасы" ММ;
12)."Талдықорған қ. облыстық мамандандырылған балалар үйі" ММ;
13)."Талдықорған туберкулезге қарсы балалар санаторийі" ММ;
14)."Талдықорған қ. облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" ММ;
15)."Алматы аймақтық туберкулез диспансері" ММ;
16)."Алматы облыстық психикалық денсаулық және наркологиялық ауруларды емдеу орталығы" ММ;
17) "Алматы облыстық ЖИТС-ның (СПИД) алдын-алу және оған қарсы күрес орталығы" ММ;
18)."Шымбұлақ" туберкулезге қарсы балалар санаторий" ММ.