"Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 1-3 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 03 ақпанда № 3689 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Болат Кәметұлы Тұрұсбеков заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      3. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Болат Кәметұлы Тұрұсбеков осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялауын жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 1-3 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
      3. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ақын-Сара көшесі, № 157.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талдықорған қаласының білім
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебісін арттыруды қамтамасыз ету;
      3) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныс енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
      берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
      ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) қалалық әдістемелік кабинеттің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      9) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар байқауларын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орна-ластыруға жәрдемдесу;
      14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
      15) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйым-дарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
      17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      19) жалпы, негізгі және орта білім беру мекемелерінде экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығы иелігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
      3) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін қала әкімінің, әкімдігінің нормативті-құқықтық актілері жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініш, шағымдарын уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттілігі ше-гінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.
      21. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      1) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы № 1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А. Макаренко атындағы № 6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "К. Ушинский атындағы № 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н. Островский атындағы № 8 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш. Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 12 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 13 орта мектеп (арнаулы сыныптармен)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 14 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      14) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 15 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 16 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласындағы "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 21 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбек ауылындағы № 22 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 23 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      Талдықорған қаласының "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы № 24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
      24) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы № 26 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қазақ-түрік жасөспірімдер лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кешкі" (ауысымды) мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар көркемсурет мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29) "Талдықорған қаласының білім бөлімінің" мемлекеттік мекемесінің "Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30) "Талдықорған қаласының білім бөлімінің" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" балалар шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі;
      31) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жас техниктер станциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі;
      32) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі;
      33) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрама үлгідегі № 1 "ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) Талдықорған қаласының "құрама үлгідегі № 2 ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      35) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 "Балбөбек" сәбилер бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 5 ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 6 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 ясли-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
       "№ 8 "Күншуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 10 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 11 "Кұлыншақ" аралас бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 12 "Байтерек" бөбекжай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 13 "Құралай" құрама үлгідегі бөбекжай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      45) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 14 "Айбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      46) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 15 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      47) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 42 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекемесі;
      48) "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 45 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады