"Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 1-9 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 09 ақпанда № 3695 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазанындағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Шаяхметов Асет Калиханович) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      3. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Шаяхметов Асет Калиханович осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Бұлдыбаев Кайрат Найманбаевичқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Б. Қарасаев

Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "05" қаңтар № 1-9 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласы аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
      3. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      7. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шекті штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 241.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Талдықорған қаласының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалалық объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
      2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      3) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін дайындау және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      4) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
      5) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу) іске асыруды қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы обектінің құрылысын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Талдықорған қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Талдықорған қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Талдықорған қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Талдықорған қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады