Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 14 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 12 ақпанда № 3706 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.00Текелі қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
      3.0Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Мұханов Арман Тұрсыновичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4.0Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Белдібеков Болат Далабаевичке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Текелі қаласының әкімі Т. Қайнарбеков

  Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы "Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" № 14 қаулысына 1-қосымша

Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Текелі қаласы бойынша:
      1) Дінмұхамед Қонаев көшесі, № 102, "Жетісу Газ" корпорациясы" акционерлік қоғамының "Текелі газсервис" филиалы ғимаратының жанындағы тақта;
      2) Тәуелсіздік көшесі, № 11, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта;
      3) Мұхтар Әуезов көшесі, № 33, қалалық базар жанындағы тақта;
      4) Қаныш Сәтпаев көшесі, № 44, Спорт сарайы ғимаратының жанындағы тақта.
      2. Рудничный ауылдық округі бойынша:
      1) Бейбітшілік көшесі, № 55, пошта байланысы бөлімшесінің жанындағы тақта.

  Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы "Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" № 14 қаулысына 2-қосымша

Текелі қаласында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандадаттарға берілетін үй-жайлар

      1. Текелі қаласы Әбілхан Қастеев көшесі, № 8, "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы.
      2. Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 11, "Текелі қаласы әкімінің мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының акті залы.
      3. Текелі қаласы, Жеңіс көшесі, № 10, "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы.
      4. Текелі қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, № 10, "Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны "Металлург" клубының акті залы.
      5. Рудничный ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 58, "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады