Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 46-298 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 18 ақпанда № 3732 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 3-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 06.04.2016 № 3-13 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласы мен Рудничный ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нұрғалиев Қ. Д.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Текелі қалалық мәслихаты
      сессиясының төрайымы В. Кубрак
      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Калиновский
      "КЕЛІСІЛДІ"
       "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
      комитеті Алматы облысы
      бойынша Мемлекетік кірістер
      департаментінің Текелі қаласы
      бойынша Мемлекеттік кірістер
      басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Текелі қаласының жер
      қатынастар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Есболатов Болат Бүркітбайұлы

  Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қаңтардағы "Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 46-298 шешіміне қосымша

Жоғарылатылған жер салығының мөлшерлемелері

Аймақтың нөмірі
Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы
I
Базалық мөлшер (6.75)
II
+10 %
III
+20 %
IV
Базалық мөлшерлемесі (6.75)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады