Бақанас ауылындағы саябаққа атау беру және көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 40-06 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 20 шілдеде № 3902 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылындағы саябаққа "Д. А. Қонаев" атауы берілсін және "Салтанат-1" көшесі "Бап Өмірзақов" көшесіне, "Салтанат-2" көшесі "Юсуп Тілеубайұлы" көшесіне қайта аталсын.
      2. "Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Ахметова Арай Мұратқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Д. Садықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады