Ұзынағаш ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 9-506 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 11 қазанда № 3978 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ұзынағаш селолық округінің Ұзынағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұзынағаш селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұзынағаш селолық округінің Ұзынағаш ауылындағы жаңа көшесіне "Тыныбек Оңалбаев" атауы берілсін.
      2. "Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Абуова Алия Асетқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұзынағаш селолық
      округінің әкімі Е. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады