Ақсеңгір селолық округінің Жайсан ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсеңгір селолық округі Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 02-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 22 ақпанда № 3739 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақсеңгір селолық округінің Жайсан ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 23 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Жамбыл ауданы Ақсеңгір селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданы Ақсеңгір селолық округінің Жайсан ауылындағы "Мектеп" көшесі "Алмас Құрманғалиев" көшесіне, "Алатау" көшесі "Жолдас Құрманғалиев" көшесіне қайта аталсын.
      2. "Жамбыл ауданы Ақсеңгір селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Смағұл Мөлдір Болатқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсеңгір селолық
      округ әкімі Ә. Ә. Қосбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады