Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылындағы "Южная" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық селолық округі әкімінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 1-06/11 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 29 тамызда № 3944 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылындағы "Южная" көшесі "Атайбек Қасенов" көшесіне қайта аталсын.
      2. "Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ыдрысова Ақмарал Советбековнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округ әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Сокуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады