Қарасай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Қарасай аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 9-17 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 27 желтоқсанда № 4034 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Қарасай аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 19 мамырында № 2710 тіркелген, "Заман жаршысы" газетінде 2014 жылдың 7 маусымында № 24 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Рымбаева Баян Садырбаевнаға осы шешімді әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 9-шы сессиясының төрағасы Б. Айнабеков
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады