Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 17.05.2018 № 6-36-224 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Нұралинова Күлбан Нұртайқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Бюджет, экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының төрағасы | А. Иманбеков |
Мәслихат хатшысы | Е. Нұрахметов |