Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6-36-224 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 маусымда № 4737 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 5-53-361 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3466 тіркелген, 2015 жылдың 13 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және "Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6-4-23 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3837 тіркелген, 2016 жылдың 24 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Заңдылық, азаматтардың құқығын, қоршаған ортаны қорғау, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы М. Тұрлыбеков
      Панфилов аудандық
      мәслихатының хатшысы Е. Шоқпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады