Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 219 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 28 маусымда № 3895 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 04.12.2023 № 535 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 04.12.2023 № 535 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Сейсенбековке осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Курбановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "23" мамырдағы № 219 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 04.12.2023 № 535 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Панфилов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауалар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Пенжім ауылдық округі, Пенжім ауылы, Ш. Уәлиханов және Ескендіров көшелерінің қиылысы, "Гөзал" дүкеніне қарама-қарсы.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

50

5 жыл

"Гөзал" дүкені

2

Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылы, Сарыөзек-Көктал-Жаркент-Қорғас автожолының бойында, Ақжазық ауылының кіреберісі.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

30

5 жыл

Жоқ

3

Үшарал ауылдық округі, Сарыөзек-Көктал-Жаркент автожолының бойында, Үшарал ауылына бұрылуға қарама-қарсы.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

30

5 жыл

Жоқ

4

Үлкеншыған ауылдық округі, Жаркент-Қорғас автожолының екі жағы, Қырыққұдық және Үлкеншыған ауылдарының арасында, Үлкеншыған ауылына кіреберістің шығыс бөлігі.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

200

5 жыл

Жоқ

5

Жаркент қаласы, Жібек жолы даңғылының бойында, Жаркент қаласына шығыс жағынан кіреберістің жолдың сол жағы.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

50

5 жыл

"Баркөрнеу" сауда үйі

6

Пенжім ауылдық округі,
Жаркент-Қорғас автожолының сол жағы, Пенжім ауылына шығыс жағынан кіреберісте (жүгеріні сақтауға және кептіруге арналған орынның алдында)

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

60

5 жыл

"Наурыз" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады