Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы "Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 535 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 5 желтоқсанда № 104-19 болып тіркелді

      Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы "Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3895 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов ауданының әкімі М. Сағымбек

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 535 қаулысына қосымша

Панфилов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауалар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Пенжім ауылдық округі, Пенжім ауылы, Ш. Уәлиханов және Ескендіров көшелерінің қиылысы, "Гөзал" дүкеніне қарама-қарсы.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

50

5 жыл

"Гөзал" дүкені

2

Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылы, Сарыөзек-Көктал-Жаркент-Қорғас автожолының бойында, Ақжазық ауылының кіреберісі.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

30

5 жыл

Жоқ

3

Үшарал ауылдық округі, Сарыөзек-Көктал-Жаркент автожолының бойында, Үшарал ауылына бұрылуға қарама-қарсы.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

30

5 жыл

Жоқ

4

Үлкеншыған ауылдық округі, Жаркент-Қорғас автожолының екі жағы, Қырыққұдық және Үлкеншыған ауылдарының арасында, Үлкеншыған ауылына кіреберістің шығыс бөлігі.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

200

5 жыл

Жоқ

5

Жаркент қаласы, Жібек жолы даңғылының бойында, Жаркент қаласына шығыс жағынан кіреберістің жолдың сол жағы.

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

50

5 жыл

"Баркөрнеу" сауда үйі

6

Пенжім ауылдық округі,
Жаркент-Қорғас автожолының сол жағы, Пенжім ауылына шығыс жағынан кіреберісте (жүгеріні сақтауға және кептіруге арналған орынның алдында)

Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері

60

5 жыл

"Наурыз" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады