Сарқан ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Сарқан ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 1-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 1-1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 10 ақпанда № 3698 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 2018 жылғы 05 желтоқсандағы № 12-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 05.12.2018 № 12-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарқан ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Сарқан ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 9 ақпанында № 3036 тіркелген, аудандық "Сарқан" газетінде 2015 жылдың 21 ақпанында № 8 жарияланған) № 1-1 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасының қырық жетінші абзацындағы "Орталығы: Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 94, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп." сөздері "Орталығы: Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 45, "Қ. Қазыбайұлы атындағы Қойлық ауылдық мәдениет үйі" "Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының № 2 филиалы." сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің қосымшасының жетпіс бірінші абзацындағы "Орталығы: Қарғалы ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 16, Қарғалы орта мектебі." сөздері "Орталығы: Қарғалы ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 16, "Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң қанаты." сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің қосымшасының жетпіс төртінші абзацындағы "Орталығы: Соколовка ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 32, "Вахитов" шаруа қожалығының әкімшілік ғимараты." сөздері "Орталығы: Қарғалы ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 16, "Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол қанаты." сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің қосымшасының жетпіс жетінші абзацындағы "Орталығы: Шатырбай ауылы, Абай көшесі № 50, Шатырбай орта мектебі." сөздері "Орталығы: Шатырбай ауылы, Нұғманов көшесі № 30, "Шатырбай ауылдық Мәдениет үйі" "Сарқан ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының № 5 филиалы." сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің қосымшасының тоқсан екінші абзацындағы "Орталығы: Мұқан Төлебаев ауылы, Мұқан Төлебаев көшесі № 26, Мұқан Төлебаев атындағы орта мектеп." сөздері "Орталығы: Мұқан Төлебаев ауылы, Мұқан Төлебаев көшесі № 15 а, "Мұқан Төлебаев ауылдық Мәдениет үйі" "Сарқан ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының № 7 филиалы." сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубаевичке жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан ауданының әкімі Е. Қошанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады