Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы көшені қайта атау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 12-59 шешімі және Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 2 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 27 желтоқсанда № 4035 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 09 маусымдағы № 19-90 шешімімен және Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 09 маусымдағы № 1-2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 19-90 шешімімен және Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 09.06.2017 № 1-2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сарқан ауданы, Сарқан қаласындағы "М. Горький" көшесі "Күмісбек Буашев" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бесенбай Мерекебаевичке осы бірлескен Сарқан аудандық әкімдігінің қаулысы мен Сарқан аудандық мәслихатының шешімін әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәлихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы бірлескен Сарқан аудандық әкімдігінің қаулысы мен Сарқан аудандық мәслихатының шешімін орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен Сарқан аудандық әкімдігінің қаулысы мен Сарқан аудандық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      кезекті 12 сессиясының төрағасы Т. Догоманов
      Сарқан ауданының әкімі Е. Кошанбеков
      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады