Мүгедектерді жұмысқа орналастару үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-682 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 28 қарашада № 4018 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 02-35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 05.02.2024 № 02-35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дарменияр Алғатбекұлына жүктелсін.
      3. Аудан әкімінің аппарат басшысы Ашимахун Ахмет Ашимахунұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданының әкімі Р. Садыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады