Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 02-35 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 ақпанда № 6087-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Айдарбеков

  Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 02-35 қаулысына қосымша

Күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1)"Мүгедектерді жұмысқа орналастару үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-682 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 тіркелген);

      2)"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-681 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 тіркелген);

      3)"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-680 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 тіркелген);

      4)"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қыркүйектегі № 11-672 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады