Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-5-26 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 23 тамызда № 3935 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 6-34-211 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 28.06.2018 № 6-34-211 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері 40 пайызға жоғарлатылсын.
      2. "Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй" мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Ұйғыр аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы К. Қожағұл
      Ұйғыр аудандық
      мәслихаттың хатшысы Н. Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады