Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 6-34-211 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 11 шілдеде № 4767 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Юлдашева
      Ұйғыр аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы М. Амангельды

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2018 жылғы "28" маусымдағы № 6-34-211 шешіміне қосымша

Ұйғыр аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3676 тіркелген, 2016 жылдың 29 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ұйғыр ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 6-3-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 тіркелген, 2016 жылдың 01 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-5-26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3935 тіркелген, 2016 жылдың 21 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады