"Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 75 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 3021 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.07.2016 № 224 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 83 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2188 болып тіркелген, 2014 жылдың 29 сәуірінде "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "24" ақпан
№ 75 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік басқару қызметтерін орындау, бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, оның басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080008, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125.      
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың Миссиясы:
      бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері бойынша өкілеттілікті атқару.
      15. Міндеттері:
      1) Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониториг жүргізу және бағалау;
      2) жоспарлы кезеңге облыс бюджетін әзірлеу және қалыптастыру;
      3) өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.
      16. Функциялары:
      1) жыл сайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 3 жылға арналған бюджет өлшемдерін әзірлеу және бекітуге ұсыну;
      2) Жамбыл облысын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын әзірлеу және бекітуге ұсыну;
      3) Жамбыл облысын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну;
      4) Жамбыл облысының даму бағдарламасы және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жыл сайынғы мониторингі;
      5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;
      6) әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингі;
      7) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу;
      8) тіректі ауылдық елді мекендердің, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа, төмен ауылдық елді мекендердің тізбесін анықтау, сондай-ақ тіректі ауылдық елді мекендерді, аудан орталықтарын дамытудың кешенді жоспарын және ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің орталықтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша есебін әзірлеу;
      9) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына индустриалды-инновациялық жобалардың сәйкестігін қарастыру және ұсыным беру;
      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау, бағалау және олар бойынша қорытындылар дайындау;
      11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігін анықтау бойынша қорытынды әзірлеу;
      12) орта мерзімді кезеңге облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында жалпы сипаттағы трансферттердің болжам көлемдерін анықтау;
      13) облыстық бюджет жобасын әзірлеу және оны мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      14) Жамбыл облысын дамыту бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;
      15) жоғарғы органдарға мемлекеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын даму бюджеті және жергілікті бюджет қаражаттарының бағыттары туралы мәліметтер әзірлеу және ұсыну;
      16) инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңде бюджеттік инвестициялық жобаларға мониториг жүргізу және оны вебпорталға енгізу;
      17) акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) жергілікті атқарушы органдарға тиесілі ұлттық компанияның, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму стратегиялары мен жоспарларының орындалуының мониторингісін жүргізу;
      18) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
      19) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, концессиялық ұсыныстар бойынша, конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлеу;
      20) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiсім беру;
      21) өзге де концессия мәселелерi жөнiндегі жұмыстарды өз құзыреті шегінде ұйымдастыру;
      22) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыстарды өз құзыреті шегінде үйлестіреді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқарарлық ақпарат құралдарына ақпараттық-талдау құжаттарын дайындауға және ұсынуға;
      2) өз құзыры шегінде нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге;
      3) өз құзыры шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
      4) жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды мониторинг объектілерін және ақпаратқа жасалған талдауды тікелей тексеру, сараптаманы өткізу және кеңес берулері үшін тартуға;
      5) басқарманың қарауындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік басқару органы ретінде шығуға;
      6) ғылыми тексеруді жүргізу үшін Басқармаға бөлінген қаржы шегінде басты ғылыми қаржылық-экономикалық жұмыстардың тізбесін анықтауға, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіп бойынша ғылыми-тексеру мекемелерін, сондай-ақ жеке мамандарды тартуға;
      7) өз құзыры шегінде конкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға (тапсырысқа, сатып алу жоспарына және т.б.) ресми сұрау салуға;
      8) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мақсатқа лайықтылығы мен басымдық мәселесін анықтау мақсатында аймақтық экспресс-сараптаманы ұйымдастыруға құқылы.
      Міндеттері:
      1) Жамбыл облысы әкімдігіне (әкіміне) Жамбыл облысын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына келісім беруге;
      3) Басқарма осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәніне сәйкес келмейтін қызметпен өкілетті органның рұқсатымен ғана жүзеге асыра алады;
      4) Басқарманың функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда Басқарманың мүддесін қорғайды;
      3) Басқарма атынан келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      4) банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;
      5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;      
      6) Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      7) қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
      8) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді.
      9) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басқарма басшысы басқарады.

4. Басқарманың мүлкі

      24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      25. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады