Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.10.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 335 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2914 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 қаңтарында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша), аудан әкімдері және "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интерне -ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің Жамбыл облыстық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н. Джигитеков
"01" маусым 2016 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы "30" "мамырдағы" № 179 қаулысына 1-қосымша |
Жамбыл облысы бойынша жеміс ағаштарының бактериялық күйігі (Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al) ауруымен залалданған ошақтарының аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі
№ | Аудандар атауы | Ауылдық округтар атауы | Залалдану аумағы (гектар) |
1. | Жамбыл | Пионер | 6,0 |
2. | Жуалы | Қарасаз | 19,0 |
Барлығы | 25,0 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы "30" "мамырдағы" № 179 қаулысына 2-қосымша |
Жамбыл облысы бойынша карантиндік зиянкес қауын шыбынымен (Myiopardalis pardalina (Bigot)) залалданған ошақтарының аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі
№ | Аудандар атауы | Ауылдық округтар атауы | Залалдану аумағы (гектар) |
1. | Жамбыл | Қаракемер | 2,0 |
Көлқайнар | 1,0 | ||
Ақбастау | 4,0 | ||
2. | Мойынқұм | Кеңес | 5,5 |
3. | Сарысу | Игілік | 1,0 |
Жаңаталап | 3,0 | ||
Тоғызкент | 2,0 | ||
4. | Талас | Тамды | 5,0 |
5. | Шу | Бірлікүстем | 3,0 |
Ескі-Шу | 13,0 | ||
Барлығы | 39,5 |