Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.10.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 6-3-5/855 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Жамбыл облысының аумағында зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
2. Инспекция (келісімі бойынша), аудан және "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің Жамбыл облыстық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________ Н. Джигитеков
"____" желтоқсан 2015 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 335 қаулысына 1-қосымша |
Жамбыл облысы бойынша жеміс ағаштарының бактериялық күйігі (Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al) ауруымен залалданған ошақтарының аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 30.05.2016 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Аудандар атауы | Ауылдық округтар атауы | Залалдану аумағы (гектар) |
1. | Жамбыл | Пионер | 6,0 |
2. | Жуалы | Қарасаз | 19,0 |
Барлығы | 25,0 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 335 қаулысына 2-қосымша |
Жамбыл облысы бойынша карантиндік зиянкес қауын шыбынымен (Myiopardalis pardalina (Bigot)) залалданған ошақтарының аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 30.05.2016 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Аудандар атауы | Ауылдық округтар атауы | Залалдану аумағы (гектар) |
1. | Жамбыл | Қаракемер | 2,0 |
Көлқайнар | 1,0 | ||
Ақбастау | 4,0 | ||
2. | Мойынқұм | Кеңес | 5,5 |
3. | Сарысу | Игілік | 1,0 |
Жаңаталап | 3,0 | ||
Тоғызкент | 2,0 | ||
4. | Талас | Тамды | 5,0 |
5. | Шу | Бірлікүстем | 3,0 |
Ескі-Шу | 13,0 | ||
Барлығы | 39,5 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 335 қаулысына 3-қосымша |
Жамбыл облысы бойынша карантиндік арамшөп жатаған
(қызғылт) укекіренің (Acroptilon repens D.C.) таралу ошақтарының аудандар мен ауылдық округтер кескініндегі тізімі
№ | Аудандар атауы | Ауылдық округтар атауы | Залалдану аумағы (гектар) | |
1 | Байзақ | Дихан | 787 | |
Ынтымақ | 977 | |||
Түймекент | 950 | |||
Сазтерек | 657 | |||
Жалғызтөбе | 180 | |||
Суханбай | 712 | |||
Үлгілі | 630 | |||
Көптерек | 37 | |||
Жаңатұрмыс | 680 | |||
Ботамойнақ | 2400 | |||
Мырзатай | 170 | |||
2 | Жамбыл | Өрнек | 30 | |
Аса | 220 | |||
Айша - бибі | 443 | |||
Гродеково | 100 | |||
Пионер | 85 | |||
Ерназар | 570 | |||
Қызылқайнар | 500 | |||
Жамбыл | 242 | |||
Тоғызтарау | 50 | |||
Ақбастау | 151 | |||
Бесағаш | 2 | |||
Көлқайнар | 1790 | |||
Қаракемер | 175 | |||
Полатқосшы | 90 | |||
Қарой | 1270 | |||
3 | Жуалы | Қошқарата | 900 | |
Билікөл | 415 | |||
Ақсай | 887 | |||
Қарасаз | 492 | |||
Көкбастау | 900 | |||
Жетітөбе | 1320 | |||
Күреңбел | 387 | |||
Боралдай | 78 | |||
Шақпақата | 289 | |||
Мыңбұлақ | 111 | |||
Қызыларық | 240 | |||
Нұрлыкент | 200 | |||
4 | Қордай | Ноғайбай | 1881 | |
Қасық | 600 | |||
Қордай | 1070 | |||
Сарыбұлақ | 2612 | |||
Бетқайнар | 1052 | |||
Қақпатас | 2150 | |||
Қаракемер | 130 | |||
Масанчи | 890 | |||
Аухатты | 410 | |||
Степной | 280 | |||
Қарасай | 102 | |||
Үлкен Сұлутөр | 3030 | |||
Сұлутөр | 100 | |||
Жамбыл | 100 | |||
Қарасу | 300 | |||
Отар | 660 | |||
Алға | 40 | |||
Кенен | 110 | |||
| Меркі | Аспара | 2948 | |
Ақермен | 3220 | |||
Сұрат | 2827 | |||
Тәтті | 1000 | |||
Кеңес | 850 | |||
Сарымолдаев | 3050 | |||
Жамбыл | 550 | |||
Меркі | 476 | |||
Ойтал | 604 | |||
Жаңатоған | 1320 | |||
Ақтоған | 1090 | |||
Тұрар Рысқұлов | 350 | |||
Андас - батыр | 95 | |||
6 | Мойынқұм | Кеңес | 205 | |
Бірлік | 135 | |||
Қызылтал | 34 | |||
Биназар | 11 | |||
Қылышбай | 10 | |||
Қызылотау | 45 | |||
7 | Т. Рысқұлов | Құлан | 300 | |
Новосел | 5110 | |||
Қорағаты | 2050 | |||
Ақыртөбе | 700 | |||
Қарақыстақ | 1600 | |||
Тереңөзек | 440 | |||
Абай | 700 | |||
Ақбұлақ | 4220 | |||
Құлан | 1200 | |||
Құмарық | 650 | |||
Көкдөнен | 450 | |||
Көгершін | 2600 | |||
Жаңатұрмыс | 200 | |||
8 | Талас | Тамды | 92 | |
Берікқара | 271 | |||
Қаратау | 210 | |||
Бостандық | 22 | |||
Қызыләуіт | 50 | |||
Ойық | 20 | |||
Ақкөл | 230 | |||
9 | Сарысу | Түркістан | 40 | |
Жаңаталап | 105 | |||
Досбол | 270 | |||
Игілік | 135 | |||
10 | Шу | Алға | 250 | |
Ақсу | 450 | |||
Ескішу | 1995 | |||
Жаңажол | 350 | |||
Қонаев | 1850 | |||
Төлеби | 1500 | |||
Балуан Шолақ | 250 | |||
Тасөткел | 3880 | |||
Жаңақоғам | 620 | |||
Қорағаты | 150 | |||
Көкқайнар | 115 | |||
Бірлікүстем | 200 | |||
Дулат | 500 | |||
Далақайнар | 700 | |||
Барлығы | 90599 |