Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 31.07.2017 № 158 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3151 болып тіркелген, 2016 жылдың 29 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 331 қаулысына қосымша |
Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормалары
№ | Субсидияланатын өсімдікті қорғау құралдарының (гербицидтер) түрлері | Өсімдікті қорғау құралдарының (гербицидтер) 1 килограммының (литр) құнының арзандату пайызы | Алынған өсімдікті қорғау құралдарының (гербицидтер) 1 килограмға (литр) арналған субсидия нормалары, теңге | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
106. | Эстерон 600, концентратты эмульсиясы (2-этилгексилді эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 850 грамм/литр) | 50 | 1804,5 | |
107. | Элюмис 105, майлы шашырама (мезотрион, 75 грамм/литр + никосульфурон, грамм/литр) | 50 | 6316 | |
108. | Хвастокс 750, сулы ертінді (диметиламинді тұз түріндегі МЦПА, 750 грамм/литр) | 50 | 2250 | |
109. | Галомекс, концентратты эмульсиясы (галоксифоп-П-метил, 108 грамм/литр) | 50 | 4750 | |
110. | Клодимекс плюс, концентратты эмульсиясы (феноксапроп-п-этил, 90 грамм/литр + клодинафоп-пропагил, 45 грамм/литр + клоквинтосет-мексил, 34,5 грамм/литр) | 50 | 5100 | |
111. | Тримекс плюс, в сулы дисперленген түйiршiк (трибенурон-метил, 261 грамм/килограмм + метсульфурон-метил, 391 грамм/ килограмм) | 50 | 40500 | |
112. | Хломекс 48%, концентратты эмульсиясы (кломазон, 480 грамм/литр) | 50 | 17500 | |
113. | Напалм, сулы ертінді(глифосат, 540 грамм/литр) | 50 | 1350 | |
114. | Робусто, концентратты эмульсиясы (2-этилгексиловый грамм/литр | 50 | 1650 |