"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 8-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте № 3158 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешімімен

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 28.11.2017 № 25-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3054 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырдағы № 19 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген, шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:

      10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Мерзімді әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мұқтаж адамдарға қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге өтемақы ұсынылады:

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы күнкөріс деңгейінің 10 еселік шамасынан аспайтын орташа табысы бар Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне;

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан аспайтын орташа табысы бар "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", "І-ші дәрежелі Даңқты аналар", "ІІ-ші дәрежелі Даңқты аналар" алқылармен марапатталған көп балалы аналарға, І-топ мүгедектеріне, нашар көретін ІІ- топ мүгедектеріне, Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушыларына және мүгедектеріне, олардың жесірлеріне, сонымен қатар, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға.

      Мерзімді әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші (немесе оның заңды өкілі) өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

      "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедектер үшін) немесе санатын растайтын құжаттың көшірмесі;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі;

      табысы туралы мәлімет.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады