"Тараз қаласында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 717 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қарашада № 3213 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тараз қаласында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 3 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің тіркеу тізілімінде № 2908 болып тіркелген, 2016 жылдың 20 қаңтардағы № 3 (1291) "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы төмендегі мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдармен толықтырылсын:

"Салтанат" балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100
0
23357
0
0
16000
"Нұрсана" балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

33

0

23357

0

0

16000

"Медина" балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

167

0

23357

0

0

17500

"Индиго-Тараз" жекеменшік балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

0

23357

0

0

35000

"Асем-Ай" жекеменшік балабақшасы "Асан-Тараз" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

0

23357

0

0

16000

"Нұрлы болашақ" жекеменшік балабақшасы "Шың" білім беру орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

0

23357

0

0

15000

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Мамашбайұлы Олжабайға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Календеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады