Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 05.12.2018 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Р.Қойлыбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Байзақ ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбайұлы Қилыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасының басшысы
Р.Байтелиев
02.02.2016 жыл
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №18 қаулысына қосымша |
Байзақ ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдары | ||
Индекс | Атауы | Ұзақтығы (шақырым) | |
1. | КН-BZ-1 | Қостөбе-Бурыл (0-3,66) | 3,66 |
2. | КН-BZ-2 | Түймекент-Ақжар (0-8,8) | 8,8 |
3. | КН-BZ-3 | Жібек-жолы-Жақаш-Көкөзек (0-19,2) | 19.2 |
4. | КН-BZ-4 | Сарыкемер-Базарбай-Төрекелді(0-10,4) | 10,4 |
5. | КН-BZ-5 | Байзақ ауылына кіреберіс (0-1,525) | 1,525 |
6. | КН-BZ-6 | Байзақ-Ботамойнақ (0-2,7) | 2,7 |
7. | КН-BZ-7 | Ақтөбе ауылына кіреберіс (0-2,8) | 2,8 |
8. | КН-BZ-8 | Дихан –Жеңіс (0-7,8) | 7,8 |
9. | КН-BZ-9 | Шахан ауылына кіреберіс (0-4) | 4 |
10. | КН-BZ-10 | Кеңес ауылына кіреберіс (0-5,8) | 5,8 |
11. | КН-BZ-11 | Жетібай-Аққия-Төрткөл (0-4,55) | 4,55 |
12. | КН-BZ-12 | Мәдімәр ауылына кіреберіс (0-0,835) | 0,835 |
13. | КН-BZ-13 | Жібек жолы –Жаңатұрмыс (0-9,2) | 9,2 |
14. | КН-BZ-14 | Үлгілі ауылына кіреберіс (0-0,77) | 0,77 |
15. | КН-BZ-15 | Аймантөбе ауылына кіреберіс (0-1,91) | 1,91 |
16. | КН-BZ-16 | Қусақ ауылына кіреберіс (0-0,7) | 0,7 |
17. | КН-BZ-17 | Дихан ауылына кіреберіс (0-0,68) | 0,68 |
18. | КН-BZ-18 | Көкбастау-Тегістік (0-3,37) | 3,37 |
19. | КН-BZ-19 | Бурыл-Құмжота (0-5,45) | 5,45 |
20. | КН-BZ-20 | Тараз-станция Талас (0-4,07) | 4,07 |
21. | КН-BZ-21 | Аса-Мырзатай (14-28,15) | 14,15 |
22. | КН-BZ-22 | Мырзатай-Сарыкемер (0-8,95) | 8,95 |
Барлығы: | 121.32 |