Байзақ ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 545 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 4016 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байзақ ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Байзақ ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2959 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрдос Тұрсынбекұлы Тойбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Рахманбердиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасының басшысы

      ___________________Б. Жәнібеков

      "5" желтоқсан 2018 жыл

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 545 қаулысына қосымша

Байзақ ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзақтығы (шақырым)

1

КН-BZ-1

Қостөбе-Бурыл (0-3,66)

3,66

2

КН-BZ-2

Түймекент-Ақжар-Әскери бөлімше (0-10,32)

10,32

3

КН-BZ-3

Жібек жолы-Жақаш-Көкөзек (0-19,2)

19,2

4

КН-BZ-4

Сарыкемер-Базарбай-Төрекелді (0-10,4)

10,4

5

КН-BZ-5

Байзақ ауылына кіреберіс (0-1,525)

1,525

6

КН-BZ-6

Байзақ-Ботамойнақ (0-2,7)

2,7

7

КН-BZ-7

Ақтөбе ауылына кіреберіс (0-2,8)

2,8

8

КН-BZ-8

Дихан –Жеңіс (0-7,8)

7,8

9

КН-BZ-9

Шахан ауылына кіреберіс (0-4)

4

10

КН-BZ-10

Кеңес ауылына кіреберіс (0-5,8)

5,8

11

КН-BZ-11

Жетібай-Аққия-Төрткөл (0-4,55)

4,55

12

КН-BZ-12

Мәдімәр ауылына кіреберіс (0-0,835)

0,835

13

КН-BZ-13

Жібек жолы –Жаңатұрмыс (0-9,2)

9,2

14

КН-BZ-14

Үлгілі ауылына кіреберіс (0-0,77)

0,77

15

КН-BZ-15

Аймантөбе ауылына кіреберіс (0-1,91)

1,91

16

КН-BZ-16

Сарыкемер-Қусақ-Мырзатай (0-5,17)

5,17

17

КН-BZ-17

Дихан 2 ауылына кіреберіс (0-0,68)

0,68

18

КН-BZ-18

Көкбастау-Тегістік (0-3,37)

3,37

19

КН-BZ-19

Бурыл-Құмжота (0-5,45)

5,45

20

КН-BZ-20

Тараз- Талас станциясы (0-4,07)

4,07

21

КН-BZ-21

Аса-Мырзатай (14-28,15)

14,15

22

КН-BZ-22

Сарыкемер-Мырзатай (0-8,95)

8,95

23

КН-BZ-23

Үшбұлақ станциясына кіреберіс (0-2,25)

2,25

24

КН-BZ-24

Ақшолақ станциясына кіреберіс (0-2,51)

2,51



Барлығы:

132,07


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады