Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі осы қаулының 1 – 13 қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 1 қосымша |
Сарыкемер ауылындағы жалпы білім беретін Н. Киікбаев атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 2 қосымша |
Жетібай ауылындағы жалпы білім беретін Жамбыл атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 3 қосымша |
Түймекент ауылындағы жалпы білім беретін Түймекент мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 4 қосымша |
Көкбастау ауылындағы жалпы білім беретін Амангелді орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 5 қосымша |
Көктал ауылындағы жалпы білім беретін Көктал орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 6 қосымша |
Байзақ ауылындағы жалпы білім беретін С. Абланов атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 7 қосымша |
Тегістік ауылындағы жалпы білім беретін Чапаев атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 8 қосымша |
Сарыкемер ауылындағы жалпы білім беретін Сарыкемер орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 9 қосымша |
Абай ауылындағы жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 10 қосымша |
Мырзатай ауылындағы жалпы білім беретін Мырзатай орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 11 қосымша |
Аймантөбе ауылындағы жалпы білім беретін Берікқара атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 12 қосымша |
Қызыл жұлдыз ауылындағы жалпы білім беретін Н. Ақшабаев атындағы орта мектебіне оқушыларды тасымалдау схемасы
Шартты белгілері:
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №220 қаулысына 13 қосымша |
Байзақ ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Байзақ ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде қойылатын талаптар
1. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.2. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
4. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:
маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен;
маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып, жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастырады.
5. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көліктермен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
6. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай - күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
7. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:
ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс; шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары;
жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
8. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.
9. Сыртқы кузовты жуу аусымнан кейiн өткізіледі.
4. Балаларды тасымалдау тәртiбi
10. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.11. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
12. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
13. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
14. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
15. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00-ге сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
16. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
17. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.
18. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
19. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.