Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылы аумағына шектеу іс шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 01 тамыздағы № 120 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3147 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байзақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекция басшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 маусымдағы №231 ұсынысы негізінде Сарыкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Иттен құтырық ауруының анықталуына байланысты Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімше басшысы Даулетбаева Баян Шарбайқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сарыкемер ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Д. Тәжібеков

      "Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылы аумағына шектеу іс шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы" Сарыкемер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 01 тамыздағы №120 шешіміне келісім парағы
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
      Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Абдезов
      "01" тамыз 2016 жыл
      М.О.
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы
      Ж. Жақсылықов
      "01" тамыз 2016 жыл
      М.О.
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл
      облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Байзақ аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      А. Постанов
      "01" тамыз 2016 жыл
      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады