Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 5-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3148 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 12-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2016 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 шілдедегі № 79-80 аудандық "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жуалы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      5 тармақ:

      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "5) әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі";

      "6) әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді";

      6 тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "1) туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде ай сайын 12372 (он екі мың үш жұз жетпіс екі) теңге және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай жылына бір рет арнайы комиссияның анықтауы бойынша, әлеуметтік қолдау көрсетілсін".

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Тыныбеков
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Е.Тлеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады