Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-І, 27 бабтарына сәйкес, Жуалы аудандық аумақтық инспекция басшысының 2016 жылғы 08 тамыздағы №02/224 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасаз ауылдық округінің Жүрімбай ауылынан құтырық ауруының шығуына байланысты, осы ауылдың Жеңіс көщесінің ірі қара, уақ мал, жылқы мал табынына және жеке иеліктегі етқоректілерге шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Ғабит Ахылбекұлы Умбеталиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Қ. Бейсеқұлов |
"Қарасаз ауылдық округі Жүрімбай ауылы Жеңіс көшесінің ауыл шаруашылық жануарларына ветеринариялық режим белгілеу туралы" Қарасаз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №42 шешіміне келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министірлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
12 желтоқсан 2016 жыл
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігі Жамбыл облысы ішкі
істер департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығы, полиция полковнигі
Б. Налеков
12 желтоқсан 2016 жыл
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті Жамбыл облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Жуалы аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
М. Искаков
12 желтоқсан 2016 жыл