Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 112 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 3061 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 507 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 19.12.2018 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Әсілбайұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы Қасымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасының басшысы

      Р. Байтелиев

      31 наурыз 2016 жыл

  Меркі аудан әкімдігінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№112 қаулысына қосымша

Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстер

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзақтығы (шақырым)

1.

КН-МК-1

"Меркі шипажайы - Радон ұнғымасы" (0-4,2)

4,2

2.

КН-МК-2

"Аңдас Батыр - Гранитагорск" (0-12)

12

3.

КН-МК-3

"Сұрат - Тескентоған" (0-8,7)

8,7

4.

КН-МК-4

"Ойтал - Қызыл Қыстақ" (0-19)

19

5.

КН-МК-5

"Темір жол вокзалына кірме жол" (0-1,9)

1,9

6.

КН-МК-6

"Меркі - Талдыбұлақ" (0-8)

8

7.

КН-МК-7

"Жамбыл - Тұрлыбай Батыр" (0-11)

11

8.

КН-МК-8

"Ақтоған -Қазақ Дихан" (0-3)

3

9.

КН-МК-9

"Меркі шипажайы - Пионер лагерь" (0-1,7)

1,7

10.

КН-МК-10

"Қостоған -Қызыл Сай" (0-8,6)

8,6

11.

КН-МК-11

"АБЗ кірме жол" (0-1,9)

1,9

12.

КН-МК-12

"Меркі ауылының айналма жолы" (0-1,4)

1,4

13.

КН-МК-13

"Қызыл Қыстақ - Арал Қыстақ" (0-6,5)

6,5

14.

КН-МК-14

"Қант зауыты - Ойтал" (0-2)

2

15.

КН-МК-15

"Кеңес ауылына кірме жол" (0-1,2)

1,2

16.

КН-МК-16

"Беларық - Аспара" (0-31,6)

31,6

17.

КН-МК-17

"Ойтал - Меркі станциясы айналма жолы" (0-1,3)

1,3

18.

КН-МК-18

"Қант зауытына кірме жол" (0-3,2)

3,2

19.

КН-МК-19

"Тәтті - Сарығобы" (0-86,4)

86,4

20.

КН-МК-20

"Тәтті - Ақжол" (0-4,4)

4,4



Барлығы:

218,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады